25 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ОКҚ-де өткен баспасөзінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап берді. Алматы қаласы Мәслихаты депутаты Нұрымбек Тау қала әкімдігі карантин кезінде бизнеске жақсы қолдау көрсеткені үшін талай кәсіпті жоғалып кетуінен аман алып қалғанын айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
«Кәсіпкер және қалалық көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде мен үшін осы бағыттар өте маңызды. Қала әкімі өнеркәсіптің 20%-ға өсіру бағытында жұмыс жасалып жатқанын айтты. Бұл – Алматы экономикасының тұрақтылығын көрсетеді. Кәсіпкерлер, қала әкімдігінің қолдауымен кәсіпорындар ашылса, қарапайым халыққа жұмыс орындары табылатын болады. Ескере өтетіні, мұның бәрі жергілікті билік пандемиямен күресуге, азаматтардың денсаулығын сақтауға жұмылдырылған өте қиын кезеңде болып жатыр», – деді Н. Тау.
Сонымен қатар, ол инвестиция тарту арқылы Алматы экономикасы дамуға жаңа серпін алғанын айтты.
«Қала әкімі 200-ден астам инвестициялық жобаның іске асырылатынын, соның арқасында 10 мың жұмыс орны құрылатынын хабарлады. Бұл Алматының туа біткен тартымдылығы тұрғысынан маңызды. Егер инвесторлар қаланың инфрақұрылымын дамытуға қаражат салса, онда олар Алматы экономикасының тұрақтылығына сенімді. Бұған халықаралық рейтингтер дәлел.
Айта кетсек, қалалық әуежайда жаңа терминалдың құрылысы басталды. Әуежай әлдеқашан кеңейтуді қажет етті, бірақ Бақытжан Сағынтаевтың келуімен ғана бұл мәселе алдыға қойылды. Жаңа терминал туризм, көлік және логистикалық қызметтердің дамуына серпін береді. Одан бөлек, бірнеше жолайрықтар құрылысы аяқталып, қаламызды айналып өтетін жолдар пайда болады. Жоғарыда айтылған және де одан бөлек экология, туризм, әлеуметтік сала, креативті индустрия сияқты секторларға дем беріліп, Алматы экономикасы дамуға жаңа серпін алады», – деді ол.