Қалалық антикор қызметкерлері орталықтың тәсілі түбегейлі өзгергенін жеткізді
Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл 8 мониторинг жүргізген. Тексеріс жұмыстары 4,3 млрд теңгеге жуық қаражатты ұтымсыз пайдаланудың алдын алды. Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық кеңесі Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ қалалық антикор қызметкерлері орталықтың тәсілдері түбегейлі өзгергенін жеткізді.
– Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамдық кеңеспен бірлесіп, тұрақты кеңес өткізеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген өзекті мәселелерді талқылайды. Картаға құрылыс және тұрғын үй, экономика, қаржы, экология, жер, бизнес, фискалдық және әлеуметтік салалар кіреді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Қанат Сәлімбаев.
– Жоспарға сәйкес қалалық әкімшіліктің бес басқармасындағы сыртқы тәуекелділікке байланысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін көтеріп, қарастырып жатырмыз, – деді қоғамдық кеңес мүшесі Барыс Жапаров.
Оқи отырыңыз: Декларацияны тапсыру мерзімі қашан аяқталады