Жер жыртып, егін еккен ардагерлерге құрмет көрсетілді

06.05.2024 18:54

Қарияларға «Алматы» телеарнасының атынан сыйлық табысталды

Almaty.tv

Бүгін «Белсенді ұзақ өмір» орталығы мен «Алматы» телеарнасы және Бостандық ауданы ардагерлер кеңесі бірігіп, «Агрокраудсорсинг» жобасының 3 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – егде жастағы адамдардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету. 

Мерекелік іс-шара аясында зейнеткерлер сондай-ақ белгіленген учаскелерге жеміс-жидек пен көкөніс дақылдарын тегін егіп, сол өнімді тұтынуға мүмкіндік алады. 

Ал арнайы шақыртылған Бостандық ауданының ардагерлеріне телеарнаның атынан сый-сияпаттар табысталды.

– Көктемде таза ауамен демалып, әдемі іс-шара ұйымдастырушы басшыларға алғыс айтамын, – деді еңбек ардагері Қабдолла Тергенбаев.

– Биыл телеарнамызға 25 жыл толды. Телекөрерменмен бірге «Агрокраудсорсинг» компаниясы және Бостандық ауданы ардагерлер кеңесімен бірігіп, іс-шараны өткізіп жатырмыз, – деді Almaty телеарнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.

«Агрокраудсорсинг» жобасы қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендетіп, егде жастағы тұрғындардың жұмыспен қамтылуы мен еңбек белсенділігінің артуына оң ықпал етуде. Бүгінгі іс-шара соның бір айқын дәлелі.

– «Агрокраудсорсинг» жобасы мамырда басталады, кермет басқосуда ұжым әртістері өнер көрсетеді, – деді қалалық «Белсенді ұзақ өмір» орталығының басшысы Сәуле Бекетаева.

Оқи отырыңыз: Алматы – сүйікті қалам: мегаполисте республикалық жыр мүшәйрасы өтті