Бұл қалалық прокуратурадағы басқосуда мәлім болды
Алматыда қылмыстық қудалау шеңберіне 55 тұлғаны негізсіз және мерзімінен бұрын тартуға жол берілмеді. Бұл қалалық прокуратурадағы басқосуда мәлім болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алқалы отырыста тергеу кезіндегі азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселесі бойынша бірқатар сұрақтар талқыланды. Жиынға аумақтық қылмыстық қудалау органдарының бірінші басшылары мен жеке құрамы қатысып, тергеу жұмыстарының толықтығы мен объективтілігінің маңызын атап өтті.
Сондай-ақ сот төрелігінің 3 буынды моделі аясында азаматтардың құқығын қорғауды күшейту шаралары тиімді жалғасып жатқаны айтылды.
«Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібі қаңтар оқиғаларының қатысушыларына қатысты тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану мәселесі болды. Қазіргі уақытта мұндай фактілер бойынша 59 қылмыстық іс тергелуде, олар бойынша тергеу органдарының есептері тыңдалды», - деді қалалық прокуратураның ресми өкілі Бауыржан Төлендинов.