|
25.07.2019 | 22:38
3660

Алматының бірқатар аудандарында жарық мәселесі шешілді

Жетісу ауданында қазір ұзындығы 19,3 шақырымды құрайтын жарық бағаналарын орнату жүргізіліп жатыр

Алматының бірқатар аудандарында жарық мәселесі шешілді

Өткен хабарымызда біз Almaty.tv арнасындағы «Ашық редакция» айдарында «Сіздің көшеңізге жарық шамдары орнатылған ба?» деген сауал жолдаған едік. Тікелей эфирде дауыс бергендерден бөлек, редакциямыздың ватсап нөміріне жарық мәселесі бойынша 30 хабарлама келіп түсті. Оның бесеуі Жетісу ауданы бойынша. Жауапты орыннан аталған мекен-жайларда қашан шам орнатылатыны туралы сұрап көрген едік.  

– Біздің редакциямыздың уатсап нөміріне Жетісу ауданының тұрғындарынан бірнеше өтініш келіп түскен болатын. Соларға тоқталсақ. Рысқұлов-Волочаевская көшелері мен Шелехов көшесінде жарық қашан болады дейді?

– Волочаевский көшесінде қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол жерде жарық бағандары орнатылды. Ал шам тамыз айында қойылады.  

– Тағы бір мекен-жай – «Кемел» шағынауданындағы Ақжүрек көшесінде де жарық жоқ деген хабарлама келді. Ол ауданның мәселесі қашан шешіледі?

«Кемел»  шағынауданының барлық 22 көшесінде жарық жоқ. Біз Энергетика басқармасына тізім жасап жібердік. Қазір жобаның сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Келесі жылы құрылысы басталады.

– Ал, Ратушный көшесі бойына жарық қашан орнатылмақ?

– Ол көшеде жарық бар, бірақ қуыс көшелерінде жарық жоқ. Олардың да тізімін қосып, басқармаға жібердік.  – Бұдан бөлек, «Айнабұлақ-3»  шағынауданындағы №119-120 үйлердің ауласында жарық жоқ екен.

– Онда қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жерге бағандар мен шамдар орнатылады.

Жалпы Жетісу ауданында қазір ұзындығы 19,3 шақырымды құрайтын жарық бағаналарын орнату жүргізіліп жатыр. Жұмыстар тамыз айының соңында аяқталмақ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир