«Нұр Отан» партиясының мүшелері көпбалалы анаға Алматыдан пәтер сыйлады

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Бұған дейін отбасы 7 жылдан астам уақыт пәтер кезегінде тұрған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бота Теңізбаева – бір жыл бұрын  «Нұр-Отан» партиясының Бостандық ауданы филиалына барып, баспана мәселесін шешіп беруге көмек сұраған. Бүгінде ол 4 баланы тәрбиелеп отыр. Ұзақ жылдар бойы жатаханада, одан қалса, жалдамалы пәтерден-пәтерге көшіп жүріпті. Бұған дейін 7 жылдан астам уақыт бойы пәтер кезегінде тұрған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Біздің Бостандық ауданы филиалы «Нұр-Отан» партиясына өз мұқтажыдығын айтып келген еді. Үй мәселесін шешіп беруге көмектесіп отырмыз. Міне, нәтижесінде ауданның "Ақкент" ықшамауданынан 2 бөлмелі пәтер алып отыр», – деді «Нұр-Отан» партиясының Бостандық ауданы филиалының  бірінші орынбасары Баймұрат ЖАМБЫЛОВ.

Жаңа баспанаға қол жеткізген Ботаның қуанышында шек жоқ. Бұл күн – отбасы үшін үлкен мереке. Енді екі бөлмелі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз алу қажет. Пәтер иесі толық орналасып алған соң қоныс тойын тойлатынын айтты.

«Тұрғын үй мәселесі – қаншама адамның басында жүрген мәселе. Міне, отбасымызбен пәтерлі болып отырмыз. Қуанып отырмыз. Әлі күнге сене алар емеспін. «Нұр-Отан» партиясына, көмектескен адамдарға алғасым шексіз», – деді көпбалалы ана Бота ТЕҢІЗБАЕВА.

Новости партнеров