ҰҚК: Терроризмді насихаттаған төрт тұрғын қамауға алынды
inform.kz
Қамауға алынғандар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«13 тамызда ҰҚК жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының төрт тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынған. Олар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып табылады», – делінген хабарламада.
Ведомство өзге мәліметтің тергеу құпиялығын сақтау мақсатында жария етілмейтінін атап өтті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35