ҚХА мүшелері, Мәжіліс депутаттары «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды

ҚХА мүшелері, Мәжіліс депутаттары «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды
Аласапыран уақыттарда өзге ұлтты өзектен теппей, бауырына басқан қазақ ұлтының қайырымдылығына ризашылығын білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары, тұрғындар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне  гүл шоқтарын қойды. Аласапыран уақыттарда өзге ұлтты өзектен теппей, бауырына басқан қазақ ұлтының қайырымдылығына ризашылығын білдірді. Ұлт өкілдері тірлігіміздің гүлденуі бірлігіміздің күшейгенінен деп ағынан жарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Біз өзге этнос өкілдері Қазақстан жерінде, киелі қазақтың жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Сол үшін, әрине, ең біріншіден, біздің Елбасыға алғысымыз шексіз! Жалпы қазақ халқы сонау қиын-қыстау заманда өз қиындығына қарамастан, өз панасына әртүрлі этнос өкілдерін жинап алған. Сол үшін қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз!» – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Деменьтева.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хазар» әзербайжан этно-мәдени орталығының төрағасы Видади Ағаев елімізде тұратын үш жүз мың әзербайжан атынан алғысын айтты. Оның сөзінше, кешегі қуғын-сүргінді бастан кешкендердің ұрпақтары қазақтың жақсылығын ешқашан ұмытпайды.

«Бұл қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Қазақ  деген ұлы ұлттың жерінде тұратындар қазақ халқына қарыздар. Ашаршылық жылдарында 3 миллионнан астам қазақ қырылып, қаншама адам атылып кетсе де қазақ жеріне қудаланып келген ұлттармен өзінің соңғы нанымен бөлісті», – деді «Хазар» Әзербайжан этно-мәдени орталығының төрағасы Видади Ағаев.

Новости партнеров