Тілшілеріміз араласқаннан кейін жауаптылар бірден ауланы тазартуға кірісіп кеткен
Соғыстан кейінгі көрініс іспетті. Алматыда бұзылған гараждың қирандылары әлі жиналмай жатыр. Тұрғындар аулада жүгірген балалар асты-үстіне шығып ойнап, мертігіп қала ма деп алаңдап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Заманауи автотұрақ саламыз деген аудан әкімідігі бір ай бұрын барлығын бұзып тастаған. Алайда қыс түскенше әлі қимыл жоқ, Бұл көлік жайлар көшеде қаңтарылған мына көліктердің тұрағы болған. Әкімдіктегілер заңсыз деп тауып, бір ай бұрып бұзып тастаған. Содан бері ешкім тазалап алып кетуге құлықсыз дейді тұрғындар.
Олар бір емес бірнеше мәрте әкімдіктегілерге қирандыларды алып тастауын сұрап хабарласып, тіпті хат та жазыпты. Бірақ еш жауап болмаған. Есік алдына шықсақ құлаған қирандылар ауланың көркін бұзып, бір күні ойын баласын басып қала ма деп қорқамыз дейді.
«Темір есіктерді алып тастады. Солай бір ай тұрды. Сосын бір демалыста келіп гараждарды екі күнде бұзды. Содан бері бір ай болды соғыстан кейінгі сияқты жайрап жатыр. Ешкім келмейді. Хабарлассақ, ешкім ешнәрсе айтпайды», - деді Мәлік РАХМЕТОВ.
Ал, Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері бұл көлік жайларды тұрғындардың арыз-шағымының көбеюінен кейін сүріп тастаған. Себебі, тұрақ маңы қоқыс алаңына, маскүнемдердің ордасына айналыпты. Орнына келесі жылы заманауи алаң саламыз дейді олар.
«Біз осы аптаның соңына дейін қоқыстарды түгел шығарып, орнын тазалауға уәде береміз. Сондай-ақ, көлікжай маңына көшеттер отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ол жұмыстарды да осы аптада жүзеге асырамыз. Ал келер жылы, нақтырақ айтсақ Розыбакиев 43 және 45-ші көп қабатты тұрғынүй ауласын қала әкімінің тапсырмасымен спорттық кешен, балалар ойнайтын алаңға айналдыруды көздеп отырмыз», - деді Алматы қаласы алмалы ауданық коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Руслан АЙТАНОВ.
Біздің тілшілеріміз араласқаннан кейін жауаптылар уақытты созбай, тұрғын үй ауласын қирандылардан тазартуды бастап кетіпті. Жауаптылар уәдесінде тұрса алдағы жылы тұрғындар заманауи спорттық ойын алаңдарына қол жеткізбек.
Қуан Нұрақын, Әсет Құндақбаев «Алматы» теларнасы