Алматыдағы бірнеше базар басшылары сайлау өтетін 9 маусымды – санитарлық күн деп жариялады

m.capital
m.capital
Атап айтқанда, «Ақ бұлақ», «Түрксіб», «Арлан» және «Керуен» базарлары сол күні жұмыс істемейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы бірқатар базардың басшылары Президенттік сайлау өтетін күні сауда орындарының жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Атап айтқанда, «Ақ бұлақ», «Түрксіб», «Арлан» және «Керуен» базарларында тазалық күні жарияланды.

Осылайша, аталған базарларда жұмыс істейтін ондаған мың адам сайлауға барып, еш кедергісіз өз таңдауларын жасамақ.

«9 маусым Қазақстанда халық президентті сайлайтынын жақсы білеміз. Бұл – баршамыз үшін аса маңызды күн. Мен мемлекеттің алған даму бағытын қолдаушылардың бірімін. Елдегі бейбітшілік пен тұрақтылық бұдан кейін де сақталып қалса деймін. Бұл бизнес үшін аса маңызды», - дейді «Ақ бұлақ» және «Түрксіб» базарларының директоры Олег Тунгусов.

Оның айтуынша, базарларды жаңғыртуға миллиардтаған теңге қаражат жұмсалыпты. Ал, мемлекет болса бизнеске үнемі қолайлы жағдай туғызып, қолдау көрсетіп келген. О.Тунгусов басқаратын базарлардың маңы бүгінде тұрғындар үшін барынша ыңғайлы етілген: атвотұрақтар, автобустар жолағы және жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер салынған.

Кәсіпкер өз базарларында жақын шетелдерден – Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген саудагерлердің аз еместігін, олардың біздің елдегі тұрақтылықты жоғары бағалайтынын да атап өтті.

«Біз бұл тұрақтылықты сақтауымыз қажет, ал, ол үшін азаматтық қоғамның белсенділігі керек. Кәсіпкерлер қоғамдағы ең белсенді топтардың бірі ретінде бұл күні сайлауға келіп, өз таңдауын жасап қана қоймай, қоластындағы жұмысшыларға да дәл осындай жағдай жасауы тиіс», - дейді Тунгусов.

«Мені өзім тұратын мемлекеттің болашағы қатты алаңдатады және оның дамуына немқұрайлы қарай алмаймын. Сондықтан, біз 2019 жылдың 9 маусымын тазалық күні деп жарияладық. Бұл күні саудагерлер, жұмысшылар базарға шықпай, сайлау учаскелеріне бара алады, қалаған кандидаттарына дауыс береді. Біз ол үшін барлық жағдайды жасап отырмыз», – деді кәсіпкер.

Олег Тунгусовтың бастамасын оның әріптесі – «Арлан» базарының директоры Ерлан Сламбаев та қолдап отыр. Оның иелігінде 700 саудагер жұмыс істесе, күнделікті мыңдаған адам осында келіп сауда жасайды.

«Мен Олег Тунгусовтың бастамасын қолдаймын. Біз де президенттік сайлауға белсене қатыспақпыз. Біздің саудагерлер мен клиенттер бұл күні жұмысқа алаңдамай, сайлауда дауыс беруі үшін базарда санитарлық күн деп жариладық. Адамдар бұл күні өз таңдауларын жасауы тиіс. Ал, өзге әріптестерім мені қолдайды деген үміттемін», - дейді Н.Сламбаев.

«Еліміздің болашағы өз қолымызда. Сондықтан біз сайлауға белсене қатысып, азаматтық позициямызды көрсетуіміз керек. Саудагерлерді жұмыстан сол үшін бір күнге босатамыз», - деп сөзін толықтырды ол.

9 маусым күні «Ақ бұлақ», «Түрксіб» және «Арлан» базарларынан бөлек «Кеурен» базары да жұмыс істемейді. Аталған сауда орнының басшысы да сайлау күнін тазалық күні деп жариялады.

Айта кетейік, 9 маусым аптаның жексенбісіне сәйкес келгенімен, саудагерлер бұл күні үшін салық төлемейді.

Новости партнеров