10 наурызда Қазақстанда телерадиохабар тарату жұмысы уақытша тоқтатылады

09.03.2021 21:22

Техникалық құралдарды жаңғырту бойынша да қосымша жұмыстар жүзеге асырылмақ

Foto: SWNS, SWNS

10 наурызда Қазақстанның барлық аумағында телерадиохабар тарату жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған себеп, «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізуі. 

Аталған шара барысында техникалық құралдарды жаңғырту бойынша да қосымша жұмыстар жүзеге асырылмақ.