Былтыр 18 қаңтарда Ақтөбе облысында автобус өртеніп, 5-ақ адам сыртқа шығып үлгерген еді
Жауапты жазасын арақалады. Өзбекстанның 52 азаматы тірідей өртеніп кеткен автобустың жүргізушісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты Мехтиев Ордуханды қылмыстық кодекстің 348-бабы, 4-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Соттың мәліметінше, айыпталушы жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен мекеме де өтейді.
Естеріңізге сала кетсек, былтыр 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жолаушылар мінген автобус өртеніп, 5-ақ адам сыртқа шығып үлгерген еді. Қалған 52 адам тірідей өртеніп кеткен болатын. Қызыл жалыннан көз жұмғандардың барлығы да Өзбекстан азаматтары еді.