Алматы әкімі ана мен бала өлімінің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеті – көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ӨКҚ-де Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалидің қатысуымен денсаулық сақтау жүйесіндегі қазіргі жағдай туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі уақытта ауруы онкология, пульмонология, жарақаттармен және қан айналымы жүйесімен байланысты аналар мен сәбилер арасындағы өлімді азайту жоспарлары жасалуда. Осы аталған барлық басым бағыттар бойынша шаралар жоспарын жасап, оны орындаймыз», – деп Л. Мырзағали журналистер сұрағына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеті – көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 көрсеткіш пен индикаторлардың 21-і бойынша жоспарлы мәнге қол жеткізілді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ана мен бала өлімінің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл ретте ана мен баланы қорғау, АМСК, әйелдер консультациялары және босандыру ұйымдарының жұмысы күшейтілетін болады.

Новости партнеров