Невада-Семей қозғалысының құрылғанына 32 жыл толды

Almaty.tv
Almaty.tv
Бірлестік өкілдері колледж студенттерімен «Әлем эстафетасы – жастарға» тақырыбында кездесу өткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл ядролық жарылысқа қарсы Невада-Семей халықаралық қозғалысының құрылғанына 32 жыл толып отыр. Бұл датаға орай бірлестік өкілдері колледж студенттерімен «Әлем эстафетасы – жастарға» тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

Іс-шараның мақсаты – «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының әлемдік аренадағы мығым ұстанымын жас ұрпаққа насихаттау.   

«Біз, «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері осыдан 30 жыл бұрын болған оқиғаларды тағы да айтып беру үшін Алматыдағы теміржол колледжінің студенттерімен кездесуге келіп қалдық. Әрине, әлемде тыныштықты сақтау үшін әрбір адам ядросыз әлем және бейбіт аспан үшін күресуі керек», – деді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті Валерий Жандәулетов.

«Осы колледжге келген себебіміз, «Невада-Семей» полигонының жабылғанына биыл 32 жыл толады. Содан кейін біз жастармен кездесіп жатырмыз. Себебі, жастарға тарихты түсіндіру керек, айту қажет. Өйткені жастар көп нәрсені біле бермейді», – деді «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының ардагері Майдан Әбішев.

Новости партнеров