Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, шу шыққан соң тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кеткен
Шымкенттегі балабақшалардың бірінде тәрбиешінің озбырлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүлдіршіндерді жұлқылап, сүйреп жүрген ол қаладағы «Сүлеймен» жекеменшік бөбекжайында жұмыс істейді. Мекеме қызметкері балаларды тәрбиелеу үшін пластмасса бөтелкені де пайдаланған. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, шу шыққан соң тәрбиеші өз еркімен жұмыстан кеткен. Қазір аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы балабақша тәрбиешілері аштық жарияламақ