|
23.08.2024 | 19:31
1273

Ыңғайлы әрі жылдам: елімізде онлайн жеткізу қызметіне сұраныс артты

Қызмет түрін бизнес өкілдері де пайдалана алады

Ыңғайлы әрі жылдам: елімізде онлайн жеткізу қызметіне сұраныс артты Almaty.tv

Елімізде онлайн жеткізу қызметіне сұраныс өсіп келеді. Қызығушылық әсіресе жаңа оқу жылы басталар алдында арта түскен. Yandex Go компаниясының мамандары сапалы қызмет пен алуан түрлі өнімдерді тез және ыңғайлы алу жолдары қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.ty тілшісі.

Yandex Go платформасы қаланың кез келген жерінде кең ауқымды тауарларға тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Компания өкілдері онлайн жеткізу қызметі жаздың соңында ерекше өзектілікке ие болып жатқанын атап өтті. Себебі жаңа оқу жылы басталар тұста сауда дүкендерінде аяқ басып жүру қиындай түседі. Дей тұрғанмен, бүгінде үйден шықпай-ақ кез келген тауарды сатып алуға болатын жеткізу қызметін таңдайтындар саны көбейіп келеді.

– Бұл қызмет үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сондықтан онлайн-сауданы белсенді дамытып жатырмыз. Тұтынушыларға бірнеше батырманы басу арқылы үйден шықпай-ақ керек заттарына тапсырыс беруге және сол күні бірден алуға тамаша мүмкіндік беріледі, – деді  «Балалар әлемі» дүкенінің меңгерушісі Андрей Костюков.

Yandex Go компаниясы өз қызметтерін Қазақстан бойынша ұсынады. Оны қарапайым халық қана емес, бизнес өкілдері де пайдалана алады. Тұтынушылар тауардың жеткізілуін онлайн бақылап отыруға да мүмкіндігі бар.

– Тұтынушылар үшін Yandex Go қосымшасында жеткізуге тапсырыс беру өте оңай. Алдымен тауарды қайдан алу керек екенін көрсетіп, А нүктесі ретінде белгілейсіз. Қай жерге жеткізу керегін Б нүктесінде көрсетесіз. Жеткізу уақытын таңдау керек. Соның ішінде жедел жеткізу арқылы жарты сағат ішінде тапсырысыңызды алуға болады. Сондай-ақ тауарлар айтарлықтай үлкен болған жағдайда жүк көлігімен жеткізуді таңдай алады, – деді Yandex Go жеткізу қызметінің қазақстандағы жетекшісі Әлішер Тұңғышбаев.

Компания өкілдерінің айтуынша, Yandex Go Қазақстандағы ең ірі жеткізу қызметтерінің біріне айналған. Компания мұнымен тоқтап қалғысы келмейді және қызметін кеңейтіп, сапаны арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеуді жалғастыра бермек.

Жансая Олжабек, Әлия Абитова, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир