«Алатау жарық» компаниясы қызметкерлерінің білімін тексерді

18.06.2019 21:33

3 млн астам халықты жарықпен қамтитын мекемеде 4000-нан астам адам жұмыс істейді

Almaty.tv

«Алатау жарық» компаниясы өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен білімін тексерді. Мамандар 10 мың вольттік электр желісіндегі ақауды жылдам жөндеу, тоққа түскен адамды құтқару, 10 киловольттік құралды қосып-ажырату сынды 5 түрлі тапсырманы орындаудан жарысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

3 миллионнан астам халықты жарықпен қамтамасыз ететін энергетиктердің өмірі қашанда қауіп пен  қатерге толы. Компанияда бүгінде 4000-нан астам адам жұмыс істейді. Ал, кәсіби шеберлігін көрсетуге 17 команда қатысты.  

«Алатау жарық компаниясының жұмысшылары 380 вольттен бастап, 220 мың вольтке дейін электр жүйелері мен желілерін жоғары деңгейде ұстап тұрады. Апаттық жағдайда электр желілерін қалыпты болуын қадағалаймыз. Алматы облысының 10 ауданы мен бүкіл Алматы қаласына электр жарығын үздіксіз жеткізіп отырамыз», – дейді «Алатау Жарық» компаниясының атқарушы директоры  Алтай ӘБДІРАХМАНОВ.