Бүгін білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

02.08.2019 02:49

Осы конкурсқа 53 785 грант бөлінді

Биыл грант иегерлерінің тізімі бес күн ерте шықты. Бұл онсыз да нәтижесін сарғая күткен түлектер үшін дейді білім министрлігінің өкілдері, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы конкурсқа 53 785 грант бөлінді. Оның басым бөлігі, атап айтсақ 47 пайызы инженер, өңдеу және құрылыс салаларына, IT-технолоғиясына қарастырылған. 8 мыңы педагогика, 4 мыңы жаратылыстану ғылымы математика мен статистикаға бағытталған.  

Атап өту керек, мемлекет бөлген 3 мың оқу гранты үйлестірілмей қалыпты. Ведомство басшылары бұл кей мамандықтарға үміткерлер аз болғандықтан бөлінбей қалған дейді. Сондықтан дәп осы үш мың грант талапкерлер арасында қайтадан тағайындалмақ. Құжат жобасы осы аптада әзірленеді.

«Өкінішке қарай, грантқа ілінбеген адамдар да жеткілікті. Өздеріңіз білесіздер, конкурсқа 64 мыңнан астам қатысты. Бірақ біз қазіргі кезде Үкімет қаулысына өзгерістер енгіземіз, содан кейін белгіленген тәртіп бойынша тиісті бағыттарға грантты беруді жалғастырамыз», – деді  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима ЖАҚЫПОВА.

Ал, көпбалалы отбасылардың балалары оқуға қосымша байқау арқылы түсе алады. Осыған орай, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 5 мың грант артық бөлініп отыр.

«Кеше жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары аяқталып, конкурс бойынша жоғарғы оқу орындары анықталды. Енді 5 тамыздан бастап, 15 тамызға дейін осы жалпы конкурсқа ілінбеген біздің балалар сол конкурсқа қатысуға мүмкіндігі бар. Оған көпбалалы жанұядан шыққан балалар қатыса алады», – деді деді  ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима ЖАҚЫПОВА.

Бұдан бөлек, брифингте білім және ғылым вице-министрі түлектер арасында сұранысқа ие болған жоғарғы оқу орындарын да атап өтті. Белгілі болғаны, биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тапсырған жастардың қарасы қалың.

Теги: ВУЗы