Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналады

15.03.2022 00:53

Бұл туралы өңір басшысы Қанат Бозымбаев мәлімдеді

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Жаркент қаласындағы облыс әкімінің резиденциясын балаларды оңалту орталығы етуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі .

Панфилов ауданында аудан тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев осындай мәлімдеме жасады.  

«Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясының жер көлемі – 1 гектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақүйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болар еді деп ойлаймын», - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Айта кетсек, Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Жер аумағы – 1 га.