Мәжілісмендер Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

25.02.2022 00:03

Депутаттар залалды өтеу бойынша төлемдер мен өтемақыны жеделдетудің өзекті мәселелерін талқылады

Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Айгүл Құспан және Жұлдыз Сүлейменова қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесіп, залалды өтеу бойынша төлемдер мен өтемақыны жеделдетудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осындай кәсіпорындардың бірі – «DasAutoServise» ЖШС, ол мародерлердің шабуылына ұшырады. Автосервис иесі Кирилл Нагиев 6 жыл бойы автомобильдерді жөндеумен және автобөлшектерді сатумен айналысады және мұнда аталған жерді жалға алады. Олар болған жағдайдан кейін жалақы әлі алмаған.

«Біздің автосервисімізде клиенттердің 9-ға жуық көлігі болды, барлығы өртенді. Олар да тексеруден өтіп, залалды өтеуге өтініш береді. Біз шығын сомасын тек 40 млн теңгеге дәлелдей алдық, өтінім қазір мақұлдау кезеңінде. Барлық құжаттар мен диагностикалық жабдықтардың да жанып кеткеннің салдарынан дәлелдей алмағанымыз қаншама», - деді К.Нагиев.


Жаппай тәртіпсіздік кезінде автосервисте болған автокөлік иелерінің өтініштері электрондық платформада жеке тіркелген, өтініштер қазіргі уақытта қаралып жатыр. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздік барысында 2 автокөлік ұрланды.

Автосерис ғимаратының өзіне келетін болсақ, қазіргі уақытта ғимараттың қолданыстағы параметрлерін сақтай отырып, қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Алайда иесі ЖСҚ және сараптамалық қорытынды үшін қаржылық тұрғыда төлеу мүмкіндігі жоқ екенін жеткізді.

«Бұл жағдайдың күрделілігі неде, мұнда иесі біреу, бірақ бір бизнес аясында 10-нан астам қосалқы жалға алушы жұмыс істейді. Бұл кейс бойынша бізде түсіністік бар – ең бастысы, кәсіпкерде алдағы жоспардың көрінісі пайда болды. Біз аудан әкімдігімен келіскеніміз бойынша бүгін-ертең иесіне нақты жоспар-кесте ұсынылады: қашан, қай мерзімде, қандай сараптамалар жүргізу керектігінде. Біз де мұны бақылауға аламыз, қалалық қызметтердің жұмысын жеделдететін боламыз», - деді мәжілісмен Айдос Сарым.