«Қазтелерадио» АҚ 2020 жылдың 9 қарашасында сағат 00.00-ден 6.00-ге дейін Қазақстан бойынша сандық эфирлік хабар тарату желілеріндегі арналардың тізімін өзгерту бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Осыған байланысты телерадио хабарларының техникалық құралдары қысқа мерзімге өшіріледі.
«2020 жылдың 28 қазанындағы №354 «ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы негізінде «Қазтелерадио» АҚ 2020 жылдың 9 қарашасында сағат 00.00-ден 6.00-ге дейін телерадио хабарларының техникалық құралдарын қысқа мерзімге тоқтата отырып, сандық эфирлік хабар тарату желілеріндегі арналардың тізімін өзгерту бойынша жұмыстар жүргізеді», - делінген компания хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін 19 қараша күні Қазақстанда телеарналарда хабар таратудың тоқтатылатыны хабарланған еді.