|
30.05.2019 | 19:02
1154

Әр жұмысшы еңбегіне сай жалақы алуы керек – А.Таспихов

Кәсіподақтар Федарциясы атынан ел Президенттігіне үміткер  Аманкелді Таспиховтың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бір қалыпты жүріп жатыр. Кәсіподақтың «Кешелек» бастауыш ұйымы  ауыл жастарын қолдауға арналған бірнеше аймақта форум  өткізді. Нұр-Сұлтан қалалық штабының мүшелері қоғамдық көліктерге мініп, сайлаушыларды Аманкелді Таспиховтың бағдарламасымен таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Таспиховтың штабы күнде мыңнан астам үгіт-насихат материалдарын таратуда. Онда біздің кәсіподақтың құндылықтарын қандай өзгерістер болып жатқанын айтып, еңбек адамының құқын қорғау мәселелері көтеріліп, халыққа қарапайым тілмен түсіндірілуде», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілі Төлеген ҚҰНӘДІЛОВ.

Кәсіподақтың мүддесі – еңбек адамының мәртебесі. Сондықтан әрбір жұмысшы еңбегіне сай лайықты жалақы алу үшін жасалатын шарттың маңызы зор дейді штаб өкілдері. Бұл еңбек дауы туындаған жағдайда жұмысшының өз құқығын қорғауына үлкен мүмкіндік болады. Түркістан облысында өткен форумда жұмысшының құқығын қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті нығайту мәселесі көтерілді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир