Алматыда E-salyq бизнес мобильді қосымшасын 6 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады

Almaty.tv
Almaty.tv
Елімізде олардың саны 76 мыңға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміз бойынша E-salyq бизнес мобильді қосымшасын пайдаланушы кәсіпкерлер саны 76 мыңғажеткен, деп Almaty.tv хабарлайды тілшісі.

Алматыда оның игілігін 6 мыңға жуық адам көріп отыр. Мобильді қосымшаның артықшылығы – жаңа цифрлық шешім енді тіркелген кәсіпкерлерге ыңғайлы және салық міндеттемелерін орындауын әлдеқайда жеңілдетеді.

Жеңіс Әубәкіровтің e-salyq мобильді қосымшасын пайдаланғанына жарты жылға жуықтаған. Ол еш уақыт жоғалтпай, үйде отырып-ақ іс тындыруға болатынын айтады.

«Өте тиімді. Қазір цифрландыру кезеңіндегі өте бір қолайлы жасаған қосымшалар. Мысалға, салық басқармасына келгенде уақыт көп жоғалтасын. Ал қазір үйде отырып, істей беруге болады», – деді кәсіпкер Жеңіс Әубәкіров.

Мобильді қосымшада бұдан бөлек, кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру қызметіне дейін қарастырылған. Осылайша қосымшаны енгізу арқылы салық міндеттемелерін орындау процесі едәуір жеңілдейді.

«Жеке кәсіпкерлердің қызметін оңайлату мақсатында мемлекеттік кірістер комитетінің e-salyq бизнес деген мобильді қосымшаны енгізді. Біріншіден,кәсіпкерлер паттент арқылы және оңайлатылған декларация арнайы салық режимін қолданады», – деді МКД Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейітова.

Ал көпшіліктің айтарлықтай қызығушылығын тудыратын чек беру қызметі салық есептілігін өзі қалыптастырады. Ол кәсіпкерлердің белгілі бір бөлігіне кассалық аппараттарды пайдаланудан бас тартуға мүмкіндік береді.


«Біздің орталыққа кәсіпкерлер  жиі келіп тұрады. Біз әрқашан бизнес өкілдеріне қолдау білдіреміз. Көбісі кәсібін ашқысы келетін және енді жаңадан бастаған кәсіпкерлер. Жақында ғана е-salyq бизнес мобильді қосымшасы қосылғаннан кейін кәсіпкерлердің ісі жеңілдей түсті», – деді «QOLDAU» кәсіпкерлік орталығының бас директоры Рүстем Әлиев.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін e-salyq мобильді қосымшасының жүйесін кеңейту жұмыстары пысықталады. Есте болса, ол биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында іске қосылған еді.

Қасымхан Талғатұлы, Мейрам Исабеков «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров