Алматыда «Зета» желісінің кезекті дүкені ашылды

13.09.2022 00:04

Елуінші орталық – Алматының «Апорт» молында

Almaty.tv

Алматыда талайға танымал «Зета» желісінің кезекті дүкені ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қолжетім баға мен тауарларының дизайны көптің көңілінен шыққан нысан «Апорт» сауда үйінде орналасқан. Үйге қажетті тауардың түр-түрі бар дүкен Қазақстан нарығында 26 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ел бойынша 49 нысан ашылған. Елуінші орталық – Алматының «Апорт» молында.

«Біз 3 қыркүйекте ашылдық. Аумағымыз – 1200 шаршы метр. «Апорт» молда ашылғанымыздың құрметіне әр тауарға айрықша баға қойдық. «Зетаның» басқа дүкендеріне қарағанда бұл жерде әлдеқайда арзан», – деді маркетинг департаментінің директоры Тамара Сумарокова.

Жеңілдіктер бір ай бойы жалғасады. Ал келер көпшілікке қолжетімді баға мен тауардың кең таңдауынан бөлек, арнайы ұтыстар да ұйымдастырылған. Мұның бәрі өз кезегінде дүкенге арнайы келетін тұтынушы қатарын көбейтеді.

«Жаңа филиалдың ашылғанын көріп, келдік. Ұнады, әрине. Бірден кабинетіме орындық сатып алдым. Жалпы «Зетадан» алатын жиһаз көп қой, сол үшін қуаныштымын», – деді сатып алушы Олеся Тумандеева.

Айта кету керек, «Апорт» молдағы «Зета» дүкені тапсырысты да тегін жеткізеді. Ол үшін сатып алған тауарыңыздың сомасы 20 мың теңгеден асса болғаны. 


Мадина Оқас, Руслан Сүлейман, «Алматы» телеарнасы