Дмитрий Захаровтың айтуынша, өткен тәулікте стансаның негізгі жабдықтарында ақау болған
Екібастұздықтар үйдегі ауа температурасының төмендегеніне шағым айтты. Бұл жағдайға қатысты «Екібастұзтеплоэнерго» мекемесінің басшылығы түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дмитрий Захаровтың айтуынша, өткен тәулікте стансаның негізгі жабдықтарында ақау болған. Себепті салқындату сұйықтығының параметрлері төмендеген. Салдарынан қызмет ету температурасы 66 градус, сыртқы ауа температурасы минус 15 градус болған. Олқылықты жою мақсатында 14 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір жылу блогы ретке келтіріліп жатыр.
«Сыртқы ауа температурасы минус 15 градус. Жылу желісінде температура 70 градус. Қазір алты қазандық қондырғысы жұмыс істеп тұр. Параметрлер көтеріліп келеді. Сондықтан жергілікті тұрғындар қаңтар айындағы төлемді жылуды қаншалықты пайдаланғанына байланысты төлейді», – деді «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Дмитрий Захаров.