Алданған үлескерлер мәселесі биыл шешіледі – Әуезов ауданының әкімі

Алданған үлескерлер мәселесі биыл шешіледі – Әуезов ауданының әкімі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әуезов ауданында 2 жылдан бері созылып келе жатқан үлескерлер мәселесі шешімін таппақ. 12 шағынауданда құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй салынып бітеді деп күтілуде.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында баспаналы боламын деп барын беріп алданған 13 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев халықпен өткен есептік кездесуінде айтты. Сондай-ақ, «2020 жылға дейін өңірлерді жетілдіру» бағдарламасы аясында 100 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Жалпы, аудандағы жарықтандыру 90%-ды құрайды, толық жарықтандыру үшін 1812 дана жетіспейді. Бұл жұмыс жалғасатын болады. 2019 жылы 5,8 шақырымда жылу магистралін қайта құру жоспарлануда. Ауданымызда биыл атқарылар іс көп. Соның бірі – «Сарыарқа» және «Арыстан» базарларын жаңғырту жұмыстары. Олардың орнына заманауи сауда орталықтары пайда болады», – деді Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Әнуар ӨСКЕНБАЕВ.

Әуезов ауданында 50 автотұрақ анықталған. Оның алтауы жабылып, тағы төртеуінің жұмысы тоқтатылмақ. Рұқсат құжаты бар көлік қоюға арналған орындар заманауи түрде жаңғыртылады. Ауданда люктерді ұрлау фактілері жиілеген. Жалпы саны 2 мыңға жуық құдық жабындылары бар. Есептік кездесуде тұрғындар тарапынан осыған қатысты сауалдар болды.

«Бұлардың бәрі кәріз жүйесі мен су құбырын өткізгеннен кейін қалған люктер. Олардың бәрі әбден тозып кеткен. Көшенің астаң-кестеңі шығып жатыр. Оларды қалпына келтіріп, орындарына қойып шығатын адам бар ма, жоқ па?», – деп кейістік танытқан тұрғын сауалына әкім: «Энергетика басқармасымен бірге люктерді реттеп шықпақпыз. Әсіресе, жүк көліктері жиі өтетін Қарағанды көшесінде люктер болғанымен, асфальт төселмеген. Оның бәрі ретке келтіріледі», деп жауап берді.


Новости партнеров