Елімізде қызылша жұқтырғандардың саны 200-ге жуықтады

05.04.2023 00:50

Алматыда «қашықтан оқу форматына көшеді» деген сыбыс жалған

Из открытых источников

Оқу жылының аяқталуына 2 ай ғана қалғанда Алматыдағы мектептер онлайнға ауысады деген жалған . Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты қалалық эпидемиолог мамандар пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ел бойынша қызылша жұқтырғандардың саны 116-дан асты. Соның көбі Алматы қаласында тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, науқас санының өсуіне олардың тиісті екпе салдырмауы себеп болып отыр.

«Негізгі симптомы – дене қызуының көтерілуі. Бірнеше күннен кейін балаларда бөртпе пайда болады. Ол баланың басынан басталып, аяқ-қолына түседі», – деді Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Айнұр Догоманова

Дәрігерлер қызылшаның алғашқы белгілері байқалған сәттен-ақ медицина қызметкерлеріне жүгінген жөн дейді. Бірақ кеңесті де, ескертуді де елеп жатқандар аз секілді. Себебі ауруханаға бүгін де қызылша жұқтырған науқас түскен. Жалпы бұл індетпен ауырып жатқандардың дені – балабақша мен мектеп жасындағы балалар. Сондықтан алдағы уақытта білім мекемелерінде медициналық тексеру жүргізіліп, оқу жылының соңына дейін көпшілікке арналған іс-шара өткізуге рұқсат берілмейді.

«Ауру тіркелмесе де, профилактикалық іс-шара мақсатында  үй-жайда балалардың қатысуымен форум, олимпиада, тестілеу ұйымдастыруға болмайды. Негізінде «мектептерді жауып, қашықтан оқу форматына көшеді» деген қаулыда қарастырылмаған», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова.  

Құзыретті министрлік қызылшаның сырттан келгенін айтады. Олар аурудың елде тарап кеткенін вакцина салғызу қарқынының төмен болуымен байланыстырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 40 млн-нан астам бала коронавирустың кесірінен 2020 жылы қызылшаға қарсы екпенің бірінші дозасын алмапты. Шетелдік мамандардың ойынша, дәл осы фактор да індеттің өршуіне әсер еткен.

Оразай Нұртайұлы, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы