«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, 22 елдімекенді су басу қаупі бар
Almaty.tv
Қазір секундына 933 текше метр су құйылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Шардара» су қоймасының мерзімінен бұрын толатын түрі бар. Мамандар алдын ала осындай қауіпті болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтуынша, көктемде апаттық жағдайға әкелуі мүмкін екен. Қазіргі күні Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуы салдарынан «Шардараға» келетін су мөлшері де ұлғайған. Қазір секундына 933 текше метр су құйылып жатыр. Егер тасқын болатын болса, 34 мың халқы бар 22 елдімекен су басу алдында тұр.
«Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылдың көлемі үлкен. Былтыр вегетация кезең аяқталғанда «Шардараға» су қоймасы минималды деңгейде аяқталған еді», – деді «Қазсушар» РМК орталық аппаратының эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салихбаев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34