Елордада бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаев үйлі болды

27.08.2022 00:06

Cыйлықты тұрғын үй компаниясы жасап отыр

Almaty.tv

Елордада 8 қабаттан құлайын деп тұрған бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаев үйлі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызылордалық азаматқа көзсіз ерлігі үшін 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Оған мұндай сыйлықты тұрғын үй компаниясы жасап отыр. Көпбалалы отбасы бұған дейін жалдамалы пәтерді паналап келген. Қуанышты салтанатқа Сәбит отбасымен келді. Оның айтуынша, осы оқиғадан соң өмірі түбейгейлі өзгерген.

«Мен өмірім өзгермеді деп айта алмаймын.  Ойламаған жерден үйлі болдым, жұмысымды тауып берді, несіиемді жауып берді. Рақмет», – деді қала тұрғыны Сәбит Шонтақбаев.