Алатау ауданындағы «Томирис» шағынауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сыйымдылығы 143 төсек-орынды құрайды, жалпы ауданы – 4,5 мың шаршы метр.
Пункттің құрылысы белгілі бір тұрғылықты жері, кәсібі және өмір сүру қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Алматы қаласының қоғамдық тәртібін нығайту үшін көзделеді.
"Аталған мекеменің басты міндеті қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, оны бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару", – деді бүгін қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз конференциясында.