Пункт құрылысы нақты тұрғылықты жері, кәсібі және өмір сүру қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету мақсатында қолға алынған
Алатау ауданындағы «Томирис» шағынауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сыйымдылығы 143 төсек-орынды құрайды, жалпы ауданы – 4,5 мың шаршы метр.
Пункттің құрылысы белгілі бір тұрғылықты жері, кәсібі және өмір сүру қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Алматы қаласының қоғамдық тәртібін нығайту үшін көзделеді.
"Аталған мекеменің басты міндеті қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, оны бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару", – деді бүгін қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз конференциясында.