Ақтаулықтар тұрғын үй іргесіндегі құрылысқа наразы

Almaty.tv
Almaty.tv
Құрылыс аумағына қазық қағылып, қоршау басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда тұрғындар іргесінде бой көтергелі тұрған құрылысқа қарсылық білдірді. Тек тұрғындар емес, үйдің бірінші қабатынан коммерциялық нысан сатып алған кәсіпкерлер де ашулы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – 19-шағын аудандағы жол бойында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары. Жұрттың жиналуына басты себеп – үйдің дәл қасына салынғалы жатқан павильонға қарсылық білдіру. Себебі аулаға өрт сөндіру, жедел жәрдем көлігінің кіруі қиындағалы тұр. Қауіпсіздікке алаңдаған жұрт әкімдіктен жауапты мамандарды шақырып, құрылыс салуға түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

– Балаларға қауіпті. Ертең өрт шықса, не істейміз? Жеке кәсіпкерлерді қолдау деген қайда? Бұл жерді сатып алып, жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Газ құбыры жүргізіліп жатыр, тұрғын үйдің алдын жапса, қалай болады? – деді қала тұрғыны Бота Отаралиева

Құрылыс аумағына қазық қағылып, қоршау басталды. Жұмысты дер кезінде тоқтатуға кеш емес. Дегенмен шағым айтушылармен кездесуге келген әкімдік өкілінің айтуынша, жер 3 жыл бұрын берілген, керек құжаттары бар.

– 2021 жылы Ақтау қаласы әкімінің қаулысымен мобилді павильондарды кеңейту үшін 330 шаршы метр жер учаскесі берілген. Құрылыс жұмыстары басталып жатыр, – деді Жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Жандос Өтелгенов.

Тұрғындар жағдай оң шешімін таппаса, жауапты органдарға шағымданатынын жеткізді. Олар қала әкіміне арыз жазған.

Жасұлан Мұқан, Мұқағали Нұрдәулет, «Алматы» телеарнасы, Ақтау

Оқи отырыңыз: Қаладағы сұйық отын талонмен беріліп жатыр

Новости партнеров