|
21.05.2019 | 19:08
3281

Ар полициясын құру керек - Сәдібек Түгел

Ар полициясын құру керек - Сәдібек Түгел

 Алматы қаласында Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел  зиялы  қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Шараға белгілі ақын, жазушылар мен өнер иелері шақырылған. Кездесу барысында кандидат жиналған қауымды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ұлттық құндылықтар  тақырыбында пікір алмасты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тіл, жер, діл, ар-ождан – бұл президенттікке үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында қамтылған негізгі тақырыптар.

«Біз болмысымызға, біздің руханиятымызға жат дүниелерден ада болу, жастарды сақтау, азғындыққа жібермеу, сол азғындық белең алатын лас орындарды жабу мәселесін көтеріп отырмыз. Ар-ұятты алға қоюымыз керек. Экономика мен идеология қыран құстың қос қанатындай бірге болуы керек. Сол кезде ғана еліміз толықанды дамиды», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.

Сәдібек Түгел зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында жалпы жиналған қауымды ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға үндеді. Айта кетейік, кандидат бұған дейін «Ар-ождан заңын қабылдап, Ар полициясын құру жөнінде бастама көтерген болатын.  

«Біздің Сәдібектің өзі осы құндылықтарды бойына жиған. Елімізде нағыз ұлттық құндылықтарымызды көрсететін музей ашылайын деп жатыр. Оған да себепші болып отырған біздің Сәбідек. Ол біздің қонақжайлылығымызды, бен барлық жақсы қасиетімізді көрсететін орын болады», – дейді мемлекет және қоғам қайраткері Жекен ҚАЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир