Колледж түлегі оған өзінің түйіндемесін орналастырады
Алматыда колледж түлектеріне жұмыс табу жеңілдейді. Жаңа оқу жылынан бастап қаладағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Білім» жүйесі іске қосылмақ. Соның арқасында оқу процесі автоматтандырылып, студенттердің түйіндемелері ортақ базаға енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ол – интернет портал. Колледж түлегі оған өзінің түйіндемесін орналастырады. Осы жерде кәсіпкерлердің әр саладағы өздерінің вакансиялары бар. Сол түйіндемелер вакансияларына бірден барып түсіп отырады. Жұмыс берушілер өзіне потенциалды, жұмысқа орналасатын түлектерді алдын ала көріп отырады және ішінен таңдауға мүмкіндіктері бар», – деді Алматы қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Әсет МҰХАНБЕТОВ.