|
09.12.2020 | 19:09
936

LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов

Қала бюджетіне түсетін кіріс шамамен 47 миллиард теңгеге кемуі мүмкін

LRT құрылысы жалғасады – Алтай Көлгінов Фото: the-village.kz

Елордада LRT құрылысы жалғасатын болады. Ол туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөзінше, бастапқы жоспарда LRT-ның екі тармағының құрылысы қарастырылған. Біріншісі әуежайдан «Нұрлы жол» вокзалына дейін, екіншісі ескі вокзалға дейін салынуы тиіс еді. Алайда журналистер LRT-ға бір мезетте 2000 адам сиятынын, ал Нұр-Сұлтан әуежайына сағатына 750 адам ұшып келетінін, олардың барлығы жаңа вокзалға қарай бармайтынын алға тартты.

«Бұл тек әуежай жолаушылары үшін жоспарланбағанын түсіну керек. Қаланың қалай тез өсіп жатқанын көріп отырсыздар ғой. Шамамен 5 жыл бұрын үйлер болмаған, қазір көпқабатты үйлер бой көтерді. Қабанбай батырдың бойында, Пригородный жақта да өсіп жатыр, қарама-қарсы жақтан қаншама шағын аудан пайда болады. Мыңжылдық аллеясы бар. Ол Тәуелсіздік сарайынан «Нұрлы жол» вокзалына дейінгі аралықты қамтиды», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Брифинг барысында бас қаладағы басқа да көптеген мәселелер қаузалды. Атап айтар болсақ, үлескерлер мен апатты жағдайдағы үйлерді бұзу елордадағы негізгі проблемалар. Бүгінде мұндай екі жүзден астам үй бар. Сонымен қатар, шаһарда пандемияға байланысты локдаун жарияланбайтыны белгілі болды. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы сары аймаққа енген. Ал, коронавирустің кесірінен болжамдарға сәйкес, қала бюджетіне түсетін кіріс шамамен 47 миллиард теңгеге кемиді.

«Егер пандемияның салдары туралы айтатын болсақ, біз, әсіресе, шағын және орта бизнестің жағымсыз әсерін бастан өткердік. Жергілікті бюджет те, болжамдарға сәйкес, жыл басында күтілген түсімдер бойынша көлемге жете алмайды. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін жеңілдіктер көрсету мақсатында мемлекет нақты шаралар қабылдады. Осы жылдың қорытындысы бойынша біз шамамен 47 миллиард теңге жоғалтамыз», – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир