Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездеседі

25.08.2022 23:24

Кездесу уақыты: сағат 09:00

пресс-служба акима Алматы

2022 жылдың 26 тамызында сағат 09:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу Мұратбаев көшесі, 200, Құрманғазы көшесінің қиылысындағы мекенжайда орналасқан Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық және әлем тілдері университетінде өтеді.

Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Алмалы әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.