Алматыда тағы 15 кәсіпкер өтемақы төлемдерін алды

29.01.2022 00:18

8 кәсіпкер бюджет қаражатынан 14 759 099 теңге, 7 кәсіпкер «Жаңа Алатау» қоғамдық қорынан 13 332 639 теңге өтемақы алды

kursiv.kz

Бүгін тәртіпсіздік барысында келтірілген зиян үшін өтемақы төлемдерін жалпы сомасы 28 млн теңгеден астам 15 ШОБ субъектісі алды. Оның ішінде 8 кәсіпкер бюджет қаражатынан жалпы сомасы 14 759 099 теңге, 7 кәсіпкер «Жаңа Алатау» қоғамдық қорынан жалпы сомасы 13 332 639 теңге өтемақы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін ШОБ мүліктік зиянын анықтау жөніндегі өңірлік комиссия 2 өтінімді мақұлдады, оларға жалпы сомасы 5 млн теңгеге төлем жүргізілді.

Info Kazakhstan порталының деректеріне сәйкес, 28.01.2022 жылғы жағдай бойынша залалды қалпына келтіруге 923 өтінім берілді, оның ішінде жұмыс істеу үшін 134 өтінім қабылданды, 17 өтінім комиссиямен мақұлданды.

Алматыда зардап шеккен бизнес нысандарының саны 1 674 (ірі бизнес – 79, ШОБ – 1595). Бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы 72,4 млрд теңге (ірі бизнес – 26,8 млрд теңге, ШОБ – 45,6 млрд теңге).