Алматы облысындағы 35 елдімекенде су тасқыны болуы мүмкін

almaty.tv
almaty.tv
Алматыдағы 36 моренді көлдің 12-сі бүгінгі күні қалаға қауіп төндіріп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің бес облысында су тасқынының қаупі өте жоғары. Биыл қар қалың жауған елдімекендерді су басады деген қауіпті жерлер Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында көп, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін моренді көлдерді аралаған вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, Алматы тауларындағы көлдер қазір әлі де қатып жатыр. Бірақ су деңгейінің көтерілуі сәуір-мамыр айларында болады. Осыдан үш жыл бұрын Алматыда барлығы 67 қауіпті участок анықталса, олардың 55-інде жұмыс жүргізіліп, су деңгейі төмендетілген. Жалпы, 36 моренді көлдің 12-сі бүгінгі күні қалаға қауіп төндіріп тұр. Ал Алматы обылысында 35 елдімекен тасқынның астында қалуы мүмкін. Есік, Қаскелең, Талғар қалалары, сондай-ақ Ұзынағаш маңындағы таулардан тасқын төну мүмкіндігі жоғары деді. Қауіпті азайту мақсатында ел көлемінде 7300 адам, 103 мотопомпа, 1600 техника жұмыс істеп жатыр. Селге қарсы 30 мың мөшек пен 670 тонна құм дайындалған.

«Алматыда сел жүруі мүмкін деген 12 жер бар. Мұздықтағы моренді көлдерде әзірге су деңгейі көтерілген жоқ. Бірақ наурыз айының өзінде тауда ауа температурасы көтерілмек. Бұл бақылауды күшейту қажет дегенді білдіреді. Республика бойынша Батыс Қазақстан облысына ерекше көңіл аударылмақ», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.  

Новости партнеров