Мобильді байланыс операторлары сапалы қызмет көсетуге неге қауқарсыз

11.08.2023 21:10

Елімізде жаңа байланыс операторы іске қосылады

Almaty.tv

Еліміздегі мобильді байланыс операторлары мінсіз ғаламтор мен ұялы байланыс ұсынуға қауқарсыз. Олар сапалы интернет ұсына алмауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мобильді байланыс операторларының айтуынша, радифобиясы бар адамдар байланыс базасын орнатуға қарсылық танытады. Сондай-ақ соңғы 5 жылда абоненттер интернетті 4 есе көбірек пайдалана бастаған. Бұл да тарифтің бағасына әсер ететін көрінеді.

– Әр операторда түрлі шығын бар. Электр энергиясының тарифі өзгерсе, бұл да өнімнің құнына әсер етеді. Сонымен қатар қызмет ауқымы айтарлықтай өсті. 2018 жылы байланыс қызметін пайдаланғандардың әрқайсысы небәрі 4 гегабайт жұмсап келді. Ал қазір бұл көрсеткіш 17-ге жетті. Бұл тұрғыдан алғанда, 4 гегабайт пен 17 гегабайтқа жұмсалатын тариф бірдей болмайтыны түсінікті, яғни шығын да артып отыр, – дед байланыс операторы компаниясының Қазақстандағы бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Брифинг барысында тұтынушыларды «тариф тағы қымбаттай ма?» деген сұрақ толғандырды. Алайда біреуі құнның шарықтауы бір ғана мәселеге қатысты емес десе, енді бірі мүлдем жауап бере алмады.

– Шынымды айтсам, жоспарымызда жоқ, – деді Евгений Настрадин.

– Белсенді базаның құрылымындағы тарифтерге байланысты өсім бар. Сондықтан монетизация кезеңінен қайсысының өткен-өтпегенін айту қиын. База жыл соңына дейін ұлғаюы мүмкін, – деді байланыс операторы компаниясының бас директоры Сергей Коньков.

– Мен нақты шешімін айтуға дайын емеспін. Бұл сұраққа жауап бере алмаймын, – деді байланыс операторы компаниясының басқарма төрағасы Асхат Өзбеков.

Брифинг барысында елде тағы бір байланыс операторы пайда болатыны белгілі болды. Қазір инвесторлармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Яғни жыл соңына дейін 5G жиілігін сатуға арналған аукцион өтеді. Сол аукицонда инвестор жеңімпаз атанса, жаңа байланыс операторы іске қосылады.

Өмір Серікбекұлы, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Найзағай соққан: Қарағанды да ер адам көз жұмды