Вице-премьер Масанчи ауылының тұрғындарына Қырғызстанға кетудің қажеті жоғын айтты

09.02.2020 в 00:10

Тұрғындар 150 жылға жуық тату-тәтті өмір сүрді, аяғы осындай болды

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Масанчи ауылының тұрғындарына Қырғызстанға кетудің қажеті жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы вице-премьер Жамбыл облысы Қордай ауданында Сортөбе ауылында құрылған жедел штабта өткен брифингте айтты.

«Қырғызстанға кетудің қажеті жоқ. Қайтып келсін (кеткендер - авт.). Тәртіпке келтіреміз. Комиссия мүшелерімен бірге ертең шекараға барып, жағдайды білеміз. Айдап салушылар мен арандатушылар жазаланады. Оларды табамыз. Тауып, жазалаймыз. Видеоны көрдік. Жастар қаза болды. Не үшін? Кім үшін? Тұрғындар 150 жылға жуық тату-тәтті өмір сүрді, аяғы осындай болды. Тәртіп орнатамыз», - деп мәлімдеді Сапарбаев.