Іс-шарада көрме ұйымдастырылды
Алматыда Халықаралық жастар күніне орай Youth Energy фестивалі өтті. Іс-шарада тегін оқыту курстарынан өткен қатысушылардың жұмыстары қойылып, көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бағыт әртүрлі. Түрлі тағам дайындаумен бірге, графикалық дизайн сабақтарын аяқтап шыққандар өнімдерін көпшілікке ұсынды. Мұндай мүмкіндікті қалалық «Мансап» орталығы ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ жиын кезінде өз саласының үздік мамандары арнайы шеберлік сағаттын өткізіп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, елімізде 12 тамыз Халықаралық жастар күні болып атап өтіледі.
– Біздің серіктес компаниялар бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып жатыр. Қатысушылар арасында студенттер, жастар, абитуриенттер, жергілікті тұрғындар, ата-аналар бар. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде әртүрлі бағыттағы компаниялар келіп, жұмыс ұсынуда, – деді «Мансап» орталығының жетекшісі Асқар Азамат.
Оқи отырыңыз: Абай – әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш