|
22.05.2020 | 19:43
8398

Алматы әкімі тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының қарқынымен танысты

Б. Сағынтаев 1440 пәтерлі 20 үй құрылысының алғашқы кезеңі салынып жатқан Шұғыла тұрғын кешенінің құрылыс алаңында болды

Алматы әкімі тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының қарқынымен танысты Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін қала әкімі Б. Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлер құрылыстарының қарқынымен және Алматының Наурызбай ауданындағы әлеуметтік мақсаттағы нысандар құрылыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев 1440 пәтерлі 20 үй құрылысының алғашқы кезеңі салынып жатқан Шұғыла тұрғын кешенінің құрылыс алаңында болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникациялар жүргізілді.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарының сапасымен танысты және әлеуметтік инфрақұрылымдардың қадамдық қолжетімділігіне, аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға айрықша назар аударуды тапсырды. Қаланың батыс бөлігінде тұрғын үй құрылысы көлемінің артуына орай жолдардың өткізу қабілетін жоспарлауға қатыстысты бөлек тапсырма берілді.

«Жайлы жағдай жасау – «Шетсіз қала» қағидатының басты мақсаты, оның аясында коммуналды инфрақұрылымдарды және аймақтарды абаттандыру бойынша ауқымды модернизациялау басталды», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында «Шұғыла» ТК тұрғындарының өтініші бойынша пайдалануға берілген 14 үйге газ берілген еді, сол жылдың қараша айында осы тұрғын кешенінің тағы 16 үйіне газ тартылды. Сонымен қатар, тұрғы үй аулалары абаттандырылды.

Ауданда шамамен 1,5 мың оқушы орны жетіспейді. Ағымдағы жылдың соңында бүгінгі күні жүктемесі екі есе артқан №186 мектептің жанынан 600 орынды қосалқы нысан салу жоспарланған. Сонымен қатар, Қалқаман ықшамауданында 1200 орынды және Шұғыла ықшамауданында 1500 орынды мектептер салу жоспарланған. Ақжар және Таусамалы ықшамаудандарында әрқайсысы 120 орынды бала бақшаларды күзде пайдалануға беру жоспарланған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында заманауи спорт және балалардың ойын алаңдары салынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир