Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметінде еңбек еткен марқұмдарға әскери құрмет көрсету рәсімі жасалды
Алматы облысының Боралдай кентінде АН-26 ұшағында қаза тапқан қызметкерлермен қоштасу рәсімі өтіп, олар жер қойнына тапсырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Авиация қызметінде еңбек еткен марқұмдарға әскери құрмет көрсету рәсімі жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаназаға мерт болған азаматтардың жақындары мен зардап шеккен әскерилердің туыстары қатысты. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін орындау кезінде опат болған олардың құрметіне комитеттің Нұр-Сұлтандағы Орталық ғимаратында ту төмен түсіріліп ведомство аза тұтты. Қазір комиссия әуе апатының мән-жайын анықтау үшін талдау жұмыстарын жалғастырып жатыр