Бүгін мемлекеттер арасында қарым-қатынас орнатып, алтын көпір болатын дипломаттардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ежелден келе жатқан мансаптың қызметкерлері ел мен елді бітістіріп, бейбітшілікке алып келетін жағдай жасауға қашанда мұрындық болып келген. Ал осы орайда алғашқы қазақ елшілерінің бірі Нәзір Төреқұлов туралы айтпасқа болмас.
Халықтың экономикалық, мәдени саясатының өрісін кеңейтіп, әлемдік өркениетке есік ашқан қазақтың біртуар азаматы Нәзір Төреқұлов өзінің аз да болса саналы ғұмырын еліне ерінбей қызмет етуге арнады. 1928 жылы небәрі 36 жасында Мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Одағының Сауд Арабиясындағы елшісі болып тағайындалып, 7 жыл 7 ай қызмет етеді.
«Бакуде өткен съездге қатысып, латын әліпбиін қалыптастырудағы айтыс-тартыстағы еңбегін атап өтуіміз керек. Қазақ ұлтынан шыққан халықаралық деңгейдегі дипломат. Яғни екі ел арасындағы қарым-қатынастардың кеңінен дамуына оның ішінде мәдениет саласы мен экононмикалық салағы өте жіті көңіл бөлінген. Бұл туралы Мансұровтың кітабында жан-жақты жазылған», – деді тарихшы Зира Төленова.
«1991 жылы тәуелсіздікке ие болғаннан кейін сыртқы саясатты басынан бастап қалыптастыруға, жасауға тура келді. Басқа елдермен салыстырғанда ҚР-ның сыртқы саясаты бұл көп векторлы. Ғылыми еңбектерде Төреқұлов жайында біраз ақпарат беріледі. Шын мәнінде бұл қазақтан шыққан біртуар тұлғамыздың дипломатиялық қызметіне, Қазақстанды дүниежүзілікке таныту іс-әрекетіне тоқталып кетуге болады», – деді қолданбалы және ғылыми жобалар орталығының басшысы, тарихшы Қайрат Әлімғазинов.
Қоғамдық сананың сапалы түрде дамып, жаңа қырынан көрінуіне үлес қосқан дара тұлға, ағартушы-ғалым, әйгiлi дипломат, журналисттің беделі тек өзі елшілік еткен мемлекетте ғана емес, күллі Шығыс-Таяу Шығысқа мәлім болған.
«Ол жаңадан дамып жатқан Араб мемлекетінің жерасты және жерүсті байлығын терең зерттеген. Өйткені Нәзір Төреқұлов Араб тілін еркін меңгерген. Ол шығыс адамы, шығыс менталитетін еркін меңгерген адам болған», – деді ҚР Ұлттық кітапханасы сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің маманы Ертай Біләл.
Тұғыры биік ұлы тұлғаның қазіргі ұрпағы да дипломатиялық мансапты ұстаным етіп, Сыртқы істер министірлігінде қызмет етеді.
Тұңғыш кәсіби дипломат мәмілегерлік жұмысынан бөлек күллі түркі елдерінің біліміне, сауат ашуына өлшеусіз үлес қосты. Латын әліпбиінің ең алғашқы нұсқаларын басып шығарды.
Әйкерім Пернебек, Хангелді Ахметхан
Оқи отырыңыз: Атырау облысы Индер ауданында қарақұрт қаптап барады