Маңғыстауда туризм неге дамымай тұр

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаудағы туристер барып демалатын орындар инфрақұрылымның жоқтығынан дамымай қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салдарынан, тұтас сала ақсап тұр. Мәселен жылы жағалауда жол, су, электр энергиясы мәселелері әлі күнге дейін шешімін таппады. Таяудағы Президент тапсырмасынан кейін ғана жергілікті билік мәселені шешу жолын қарастыруға көшкен.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы «инвесторларды тартып, туристер баратын орындарды Дубай мен Бакуден кем қылмау керек» деп тапсырма берген.

– Алдымен жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуді қарастырып жатырмыз. Оның алдында жасалып жатқан жұмысты жандандырып, қаржысын ұлғайтып, жоспар құрып жатырмыз. Президент өте орынды сын айтты, сабақ алып, тапсырмаларды тез арада іске асыру үшін жұмысты бастап кеттік, – деді облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев.

Оқи отырыңыз: Жетімдерді жылатқан емші қалай жазадан құтылды

Новости партнеров