Түркиядағы зілзаладан қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматы жоқ

08.02.2023 00:12

19 қазақстандық студент бүгін түнде Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға ұшады

Almaty.tv

Түркиядағы зілзаладан қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, кешегі апаттан зардап шеккендер қатарында отандастырымыз анықталмаған. Қазіргі таңда Түркияға оқуға кеткен 19 қазақстандық студентті елге жеткізу жұмысы басталыпты. Олар бүгін түнде Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға ұшады. Түрік еліндегі консулдық есепте Қазақстанның 968 азаматы тұр. Оның 498-і - Анкарада, тағы 45-і – Ыстамбұлда,  Анталияда -189 адам бар.

«ҚР СІМ 720500 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтар олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа жақын арада Түркиядағы Қазақстан өкілдіктерінің шұғыл байланысы қосымша жарияланады. Барлық келіп түскен ақпарат қосымша тексеріледі», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.