Әуелі отбасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу керек – Әсет Оспанов.

22.04.2022 00:15

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 46 пайызы ерлер

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 46 пайызы ерлер, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов мәлім етті. Оның сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жартысынан көбі мас күйде жасалады. Отбасылық қорлыққа тек ерлі-зайыптылар арасындағы ғана емес, әке мен бала арасындағы жанжал да жататынын атап өтті.

«Біздің ойымызша, алдымен отбасындағы әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу керек. Екіншіден, насихаттау жұмысын жетілдіре түскен жөн. Оның ішінде ересектермен ғана емес, балалармен де жұмыс істеу керек. Балалардан бастау керек. Себебі ешкім бұл өмірге қылмыскер болып келмейді. Ата-ана да баласының қылмыскер болғанын қаламайды», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов.