Жеңіс есімі қойылған неше адам бар

10.05.2023 в 00:15

Победа есімді 23 азамат біздің елде тұрады

Жеңіс есімін арқалап жүрген 11 мың 176 қазақстандық бар. Ал Победа есімді 23 азамат біздің елде тұрады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан бөлек халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының құрметіне 43 мың 369 адамға Бауыржан деген ат қойылған. Рақымжан есімді 4 мың 335 азамат, Қасым деген атты арқалаған 4 мың 475 қазақстандық болса, Әлиялардың саны  66 мың 711, ал 5 мың 979-ы Мәншүк екен. Есімі ұрпаққа аңыз боп жеткендердің қатарында Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Хиуаз Доспанова да бар.