Әуезов ауданында 120 дәмхана қызмет көрсетеді екен. Ал 25-ке жуық мейрамхана бар
Алматыда Әуезов ауданының тұрғындары дәмханадан шыққан көк түтіннен әбден қажыған. Кәсіпкермен осы мәселе бойынша талай жылдан бері дауласып келеді. Тіпті, бірнеше рет құзырлы мекемеге шағым да түсіріпті. Бүгін арызын қарау үшін бірнеше сала өкілдері тамақтану орнына арнайы келіп, тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күндіз-түні адам аяғы үзілмейтін дәмханадан шыққан көк түтін әбден мезі етті дейді тұрғындар. Сол үшін аулаға шығудың өзі мұңға айналғанын алға тартады. Балалар асыр салып ойнаудан, қалғанымыз далаға шығып, демалудан қалдық деп отыр.
«Түтін пәтерге кіріп, таза ауамен тыныстауымыз мұң. Аулаға да шыға алмай қалдық. Дәмханадан шыққан көк түтін үшін тереземізді аша алмаймыз», – дейді тұрғын Елена ОСЕТРОВА.
Қап-қап қағазын арқалаған жергілікті жұрт бірнеше құзырлы мекемеге арызын жолдаған. Шағымданушылардың қағазын алған тиісті орын өкілдері қоғамдық тамақтану орнына тексерумен келді. Нәтижесінде дәмхананың бұған дейін де ескерту алғанын анықтады. Оны нысанның иесі өзі айтып берді.
Заң бұзушылығы бар екенін мойындаған дәмхана қожайыны осы көмірді пайдаланып кәуәп дайындаған. Әкімшілік айыппұл да төлеген.
5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бұл қойма құлыппен ғана емес, арнайы бейнебақылау камерасы орнатылып, бақылауға алынған. Сондықтан дәмхананы тексеруге келген мамандарды тұрғындар бірінші кезекте осы жерге келуін сұрады.
Жалпы, Әуезов ауданында 120 дәмхана қызмет көрсетеді екен. Ал 25-ке жуық мейрамхана бар.