«Жиналыс заңсыз өтпек»: Қазақстан авторлары қоғамында дау шықты

27.03.2019 00:16

27 наурызда кезектен тыс өтетін жиынға қоғам төрағасы мен мүшелердің тең жартысынан көбі қарсы болып отыр

Қазақстан авторлары қоғамының мүшелері 27 наурызда кезектен тыс жиналыс өткізбек. Бірақ бұл жиынның өтуіне қоғам төрағасы мен мүшелердің тең жартысынан көбі қарсы. Олар тіпті, жиынның заңсыз болатынын алға тартып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстан авторлары қоғамы 22 жыл бұрын құрылған. Қазір қоғамға 3 400 автор мүше.

«Біздің қоғамның атынан жиналыс өткізуі – заңсыз. Себебі, біздің қоғамның атынан жиналыс өткізу үшін авторлар кеңесі шешуі керек. Екіншіден, олар кезектен тыс жиналыс ашамыз дейді. Ал кезектен тыс жиналысты ашу бүкіл қоғам мүшелерінің жартысынан көбі талап еткен кезде ғана болатын нәрсе. Жарғыда солай жазылған», – деді Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы Марал ЫСҚАҚБАЙ.